Шоу-бизнес

Танымал блогер Ерболат Жанабылов пен әйелінің әрекеті тексерілетін болды

Танымал блогер Ерболат Жанабылов пен әйелінің әрекеті тексерілетін болды

Орынбековтің айтуынша, қоғамда туындаған наразылықтан кейін құзырлы органдар блогерлердің соңғы ұйымдастырған ірі ұтыс ойынына назар аударған. Қазір аталған іс-шараның заңдылығы қарастырылып жатыр. Дегенмен, адвокат нақты қай мемлекеттік орган тексеріспен айналысып жатқанын ашып көрсетпеді.

«Қоғамды мезі еткен ұтыстарды өткізу үшін олар өздерінің курстарын сатуға кірісті. Бұған қарсы белсенділер пікір білдірді. Соның нәтижесінде тексеріс басталды. Мұндай заңсыз ұтыстарға жауап беретін арнайы комитет бар. Алдағы уақытта блогерлерге ресми ескерту жасалады. Егер ол ескерту еленбесе, 1 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Ал талапты қайта бұзған жағдайда қылмыстық іс қозғалады», – деді заңгер.

Айта кетсек, Жанабыловтар отбасына тиесілі онлайн-курстың бағасы шамамен 30 мың теңгені құрайды. Курста Қытайдың бес түрлі интернет-дүкенінен тауар сатып алу жолдары үйретіледі. Дәл осы курсты жарнамалау мақсатында блогерлер 10 жаңа көлік пен ақшалай сыйлықтар тігілген ауқымды ұтыс ұйымдастырған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz