Маңғыстау облысында 2,3 миллион оқырманы бар танымал TikTok-блогер әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасынан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, видеоға қатысушылар көлікпен маневр жасау қағидаларын бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген.
Осы құқық бұзушылықтарға байланысты жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, көліктер айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, полиция жолаушылардың да заң аясында жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.
Құқық қорғау органдары жол қозғалысы ережелерін бұзатын әрекеттерді әлеуметтік желіде жариялау жауапкершіліктен босатпайтынын ескертіп, жүргізушілерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.