KZNEWS.KZ
Қоғам

Жинал, жас сарбаз: күзгі әскерге шақыру басталды

• Қалмаханбет Мұқаметқали
Фото: ашық дереккөздерден

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды.

Бүгін басталған науқан негізінде желтоқсан айының соңына дейін 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады екен.

Ал әскерге 18 бен 27 жас аралығындағы, әскери қызметті кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға заңды негізі жоқ ер азаматтар тартылады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кіріскен. Бұл шақыру комиссиялары азаматтардың әскери қызметке жарамдылығын анықтап, тиісті шешім қабылдайды.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →