Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Әбден әлсіреген”: Ақтөбеде үш ай бұрын әскерге барған сарбаз ауруханадан бір-ақ шықты

“Әбден әлсіреген”: Ақтөбеде үш ай бұрын әскерге барған сарбаз ауруханадан бір-ақ шықты
Фото: lada.kz

Ақтөбеде әскерге шақырылғанына үш ай ғана болған 18 жастағы Еркебұлан Досымбет ауруханаға түсті. Сарбаздың анасы ұлын әскери бөлімдегі сержанттар бірнеше рет ұрғанын айтып отыр. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тексеру басталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаеваның айтуынша, отбасы ұлының ауруханаға түскенін дәрігерлерден естіген. Күйеуімен бірге Ақтөбеге жолға шығып, 15 сағаттан кейін ұлын көрген.

Оның сөзінше, үш айдың ішінде сарбаздың түрі қатты өзгерген.

«Көзі шүңірейіп кеткен, сақал-мұрты өсіп, қатты арықтапты. Киімі де өте лас болды. Ауыстыратын киімі болмаған. Физикалық та, эмоциялық жағынан да әлсіреп кеткен», – деді анасы.

Қазір Еркебұлан ауруханада ем қабылдап жатыр. Анасының айтуынша, сарбазға катетер қойылған және өзі зәр шығара алмайды.

Туыстарының сөзінше, Еркебұлан әскери бөлімде сержанттардың соққысына бірнеше рет ұшырағанын айтқан. Анасы оның үш сержантты атап, кейде камера жоқ бөлмеге апарып ұрғанын жеткізгенін мәлімдеді.

Дәрігерлер сарбаздың денесіне соққы тиген болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Денсаулығының нақты себебі медициналық тексеруден кейін анықталмақ.

Еркебұлан Досымбет Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінде үш айдан бері қызмет еткен. Бөлімде қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Әскери бөлім командирінің орынбасары Төлеген Тұрақбаевтың мәліметінше, Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының әскери-тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған. 5 қыркүйекте бөлімге Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы мен арнайы комиссия барған. Қызметтік тергеу жалғасып жатыр.

Сонымен қатар сержанттардың бірі Еркебұланның бұйрыққа бағынбағанын көрсетуі мүмкін бейнематериал ұсынған. Бұл видеоның оқиғаға қатысы бар-жоғы және тараптардың мәлімдемелерінің қаншалықты шындыққа сәйкес келетіні тергеу барысында анықталады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.