Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ еліне +1 сарбаз: Танымал кәсіпкер ұлын әскерге жіберді

Қазақ еліне +1 сарбаз: Танымал кәсіпкер ұлын әскерге жіберді
Ашық дереккөз

Қазақстандық кәсіпкер, BI Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев кенже ұлының әскери ант қабылдағанын хабарлады.

Кәсіпкердің айтуынша, ұлы физикалық тұрғыдан жақсы дайындықтан өткендіктен, десанттық-шабуылдау бригадасына қабылданған. Енді ол Отан алдындағы борышын өтеп, елдің және отбасының қорғаушысы атанды.

«Кенже ұлым кеше әскери ант қабылдады. Енді біздің еліміздің де, отбасымыздың да қорғаушысы болады. Келешекте оқуын міндетті түрде жалғастырады, әзірше нағыз азамат болып Отан алдында борышын өтеп жатыр. Барлық сарбаздарға сәттілік тілеймін, аман-есен оралсын!», — деп жазды кәсіпкер.

Айдын Рахымбаевтың сөзінше, ұлы бұған дейін Ұлыбританиядағы King’s College London университетінде IT мамандығы бойынша оқыған. Алайда әкесімен алдын ала жасалған келісімге сәйкес, әскери міндет келген кезде оқуын уақытша тоқтатып, борышын өтеуге кеткен.

Рахымбаевтың жары мен қызы ұлымен бірге осы маңызды сәтте болып, әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.

«Біздің отбасымыз үшін бұл өте жауапты әрі толқулы күн болды. Енді ол – ел қорғаушысы. Әр сарбазға сәтті қызмет, ал ата-аналарға шыдам тілеймін», — деп жазды кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.