Дислексия дерті мен дауасы: неге"нашар оқитын" балалар саны көбейіп барады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Күтпеген еркектер жағдай сұрап, есігімізді қағып жатыр": Мөлдір Мұқанова ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

"Күтпеген еркектер жағдай сұрап, есігімізді қағып жатыр": Мөлдір Мұқанова ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)
SN.kz

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанованың той үстінде айтқан әзілге толы әңгімесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Өнер иесі жақындарының ортасында өткен үлкен жиындардың бірінде Хантөре есімді жігіт жайлы қызықты оқиғамен бөліскен. Айтуынша, ол жігіт сөзін салмақпен сөйлейтін, мақалдатып жеткізетін, көзге тік қарап әңгімелесетін азамат екен.

Мөлдірдің айтуынша, бір күні әлгі жігіт арнайы үйіне келіп, оның жағдайын сұраған. Продюсер бұл жайтты әзілге айналдырып:

"Мені жас көрді ме екен, "апай" не "тәте" демей, бірден атыммен атады", – деп күліп еске алды.

Сол сәтте өзі үйде болмағанын айтқан әнші, Хантөренің "Мөлдірдің жағдайы жақсы ма? Сұхбатын көріп, мұңайып қалдым" деген сөзін жеткізгенін айтты.

Сонымен қатар, ол күтпеген адамдардың өзі жағдайын сұрап, есігін қағып жүргенін қалжыңмен жеткізіп, жиналған қауымды күлкіге қарық қылды.

"Жағдайымды сұрап, есігімді қаққан еркек қой. Күткен еркек емес, күтпеген еркектер жағдайымызды сұрап, есігімізді қағып жатыр", – деп сөзін түйіндеді продюсер.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер