Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мөлдір Мұқанова ірі көлемде айыппұл арқалады

Мөлдір Мұқанова ірі көлемде айыппұл арқалады
Фото: sn.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі танымал комик Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, блогер Мөлдір Мұқанованы заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар тізіміне қосты, деп хабарлайды kznews.kz Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Мөлдір Мұқанова (Instagram парақшасы — Moldir.mt, 2,3 миллионнан астам жазылушысы бар) Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы жылдың қазан айында ол 589 800 теңге (150 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл төлеген.

Мұқанова бұл бап бойынша жауапқа тартылған жалғыз медиа тұлға емес. Бұған дейін, сәуір айында блогер Дархан Жолшыбек (3,1 миллион жазылушысы бар) дәл осындай құқықбұзушылық үшін 393 200 теңге (100 АЕК) айыппұл төлеген болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.