«Ажал аранына» айналған теміржол: Жұмысшы өмірінің құны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“ЖИ-мен жасалған”: Блогер Daricorn интим видео таратқандарды сотқа бермек

“ЖИ-мен жасалған”: Блогер Daricorn интим видео таратқандарды сотқа бермек
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық блогер Дариға Нұркеева (DariCorn) өз атымен бейнесін заңсыз пайдаланып, тауар сатумен айналысқан алаяқтарға қатысты сотқа жүгінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы ол TikTok-тағы парақшасында хабарлаған.

Блогердің айтуынша, интернетте «DariCorn, слив видео» деген атаумен жасанды интеллект арқылы жасалған жалған бейнеролик таралып жатыр. Оның сөзінше, бұл видеодағы бейне шынайы емес, толықтай ЖИ көмегімен құрастырылған.

Ол мұндай контентке адамдардың сеніп, түрлі тауар сатып алып жатқанын айтып, бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар өз бейнесін рұқсатсыз пайдаланғандардың барлығын сотқа беретінін ескертті.

Дариға Нұркеева желі қолданушыларын мұндай ақпаратқа сын көзбен қарап, видеолардың сапасына мән беруге және кез келген мәліметті тексеріп алуға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.