Интим видеолары тарап кеткен ақтаулық жұп жақында тағы ата-ана атанатын болды. Бұл туралы Хан есімді тамада-блогер өзінің инстаграм парақшасында рилс форматында видео түсіріп, деп хабарлайды kznews.kz.
Тамада блогердің жұбайы да Алмуша есімді блогер. Ол қуанышты ақпаратты жан жарына Ғашықтар күні жеткізді.
Тамада блогер болашақ сәби ұл болса – Қозы, ал қыз болса – Сұлу деп қоямыз деп жазды желіде.
Алайда бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Көпшілік блогердің әрекетін сынға алып, жағымсыз пікірлерін жасырмады. Блогерлер болса әлеуметтік желідегі рилстары мен посттарынан пікір жазу бөлімшесін көрсетпей тастады.
Естеріңізге сала кетейік, ақтаулық жұптың жеке интим видеосы ғаламторда таралып кеткен. Күдікті ретінде ақтаулық блогердің видеографы аталуда. Ол аталған видеоны таратып жіберуі мүмкін. Мән-жай анықталуда.
Ақтаулық жұп барша қазақстандықтардан, әсіресе елге танымал блогерлерден видеоны таратпауға үндеу тастап, қолдау көрсетуді сұрады.