Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жыныстық жолмен ақша табуға аттанғандар саны аз емес

Жыныстық жолмен ақша табуға аттанғандар саны аз емес

Биыл Қазақстанда адам саудасына қатысты 200 қылмыстық іс қозғалған. Оның 78-і сотқа жолданса, қалғандары бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

ІІМ Тергеу департаментінің мәліметінше, соңғы 3 жылда әр жыл сайын адам саудасының 90 құрбаны анықталған. Оның 20-сы мәжбүрлі еңбекке тартылған. Бұл ретте «адам экспорты» көбіне Катар, Индонезия, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Оңтүстік Кореяға аттандырылып келген.

«Сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан адам әкелетін екі импорт дәлізі анықталып, жойылды. Бахрейнге жыныстық жолмен ақша табуға тартылғандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Зардап шеккендердің жалпы саны 39-ға жетті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр», - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Автор
Данияр