Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Жын шығарушы» емшінің ісі ІІМ-ге жетті»: Динара Зәкиева

«Жын шығарушы» емшінің ісі ІІМ-ге жетті»: Динара Зәкиева

Оқиға жұрттың жағасын ұстатты



Кішкентай қыздың ішінен жын шығармақшы болған емшінің ісімен ІІМ айналысатын болады. Бұл жөнінде ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.



Естеріңізге сала кетсек, 9 жасар қыздың ішінен «жан шығарып» жатқан емшінің әрекеті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бейнежазбада екі ер адам жерде жатқан баланың қолын байлап, тамағынан қысып жатқанын көруге болады. Емші баланың ішіндегі «шайтанмен» сөйлескендей түр танытып, сұрақтар қойған. Қиналған бала жылап жауап беріп жатқанын көруге болады. Бұл жөнінде Azattyq Rýhy жазған еді.

«Аталмыш іс бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың тұрып жатқан жері алдын ала анықталды. Ақпарат тексеріліп, мән-жай анықталуда», – деп жазды Динара Зәкиева.

Біздің редакция емшіні тауып, сұхбаттасқан болатын. Кейқуат Оспанов өзін лицензиясы бар халық емшісі екенін атап өтті.




Автор
Айбар

Журналист