KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Жыл сайын 100 пәтер бермек": Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовтің мәрттігін айтып, мақтанды

Torgyn Abushakhman

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовтің жомарттығын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрсен жыл сайын қол астындағы жұмысшыларын қуантпақ.

“Тұрсен үнемі мені және шығармашылығымды қолдап келеді. Мен де оған қолдау білдіремін. 100 пәтер сыйлаймын дегенде бірден қолдадым. Өйткені жұмысшылары шынымен де лайық еді. 20 жылдан бері бір компанияда жұмыс істеген. “Сен жыл сайын 100 пәтер беруге міндеттісің” деп айтқан едім. Құдай саған беріп жатыр, сен оны адамдарға таратып беруге міндеттісің. Мен күйеуіммен мақтанамын және оған күн сайын таңғаламын. Ол таңғалуға лайық адам”, – деді продюсер “Умные люди” бағдарламасында берген сұхбатында. 

Сондай-ақ продюсер өзі де жиі қайырымдылық жасайтынын айтты. 

“Ата-анасы жоқ бір қызға үнемі көмектесемін. Өте келбетті, тартымды қыз. 120 мың теңге айлыққа жұмыс істейді. Еден жуып, үй тазалап ақылы бөлімдегі оқуының ақшасын төлейді. Ол менен көмек сұраған жоқ, бірақ мен сол қызға көмектескім келді. Оқуының ақшасын төлеп бердім. Қыз болсын, ұл болсын қолымнан келгенше жәрдем беруге тырысамын. Сал ауруына шалдыққан қыздың да оқуын төлеп беремін. Өте талантты болғасын қолдау білдіремін”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Еске салайық, алматылық тұрғын Тұрсен Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлаған тұрғын үй кешеніне шағымданған еді. 

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары