«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жыл басынан бері әлем бойынша 80 журналист көз жұмған

Жыл басынан бері әлем бойынша 80 журналист көз жұмған

Жыл басынан бері әлем бойынша 80 журналист көз жұмып, 348-і қамауға алынған.

«Шекарасыз журналистер» халықаралық ұйымы желтоқсан айының 18-і күні жылдық қорытындысын жариялады.

«2018 жылдың соңғы 11 айында қызметіне байланысты 80 журналист көз жұмып, 348-і қамауға алынды. Бұдан бөлек 60 журналисті кепілде ұстап отыр» - делінген ұйым таратқан мәлімдемеде.

Сарапшылар пікірінше, әлем бойынша  БАҚ өкілдеріне жұмыс істеуге ең қауіпті аймақтар Ауғанстан, Сүрия, Мексика және АҚШ. Жыл басынан бері Ауғанстанда 15 тілші, Сүрияда 11 журналист, Мексикада 9 БАҚ қызметкері, АҚШ-та 5 журналист көз жұмған. Ал, ұсталған 348 журналистің жартысынан көбі Қытай, Мысыр, Түркия, Сауд Арабиясы және Иран елдерінде қамауда отыр.

"The Qazaq Times"

Автор
Мадияр