ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жүргізуші өзін нашар сезініп, рөлге ие бола алмай қалған: Алматыда троллейбус жантүршігерлік жол апатына түсті

Жүргізуші өзін нашар сезініп, рөлге ие бола алмай қалған: Алматыда троллейбус жантүршігерлік жол апатына түсті

Алматыда троллейбус жер асты өткеліне соғылып, жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Троллейбустың видеосы мен суреттері әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Ольга Бражникова есімді желі қолданушысы жол апатынан немерелерінің зардап шеккенін жазып, троллейбус суреттерін жариялады.

“Үлкен немерем кеуде қуысының жарақатын алып, ерні жарылып кетті. Кіші немеремнің мұрны сынды. Жедел жәрдем күтпей, ауруханаға кеттік”, – деп жазды ол.

Оқиғаға қатысты Almaty Electrotrans компаниясы түсініктеме берді. Олардың сөзінше троллейбус жүргізушісі өзін нашар сезініп, рөлді басқара алмай қалған.

“Алматыда бүгін 14:50 шамасында Абай көшесінен батысқа қарай Байзақов көшесіне жетпей, тролейбус жол апатына ұшырады. БН 1240 троллейбусының жүргізушісі өзін нашар сезініп, көліктің рөліне ие бола алмай қалған. Нәтижесінде ол жерасты өткелінің бір қырына соғылды. Оқиға полиция департаментінде тіркелді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді компания.

Автор
Айбар