Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жұманғарин: «үйдің жанындағы дүкендер», шаштараздар және жалықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер ҚҚС төлемейді

Жұманғарин: «үйдің жанындағы дүкендер», шаштараздар және жалықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер ҚҚС төлемейді

Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы қаралып жатыр: ҚҚС шегінің төмендеуінен бюджет 400 млрд теңгеге дейін жоғалтады дейді Kznews.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жаңа Салық кодексі жобасы бірінші оқылымда қаралуда. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу ұсынылды.

Серік Жұманғариннің айтуынша, бизнес қауымдастығымен және депутаттық корпуспен талқылаулардан кейін ортақ шешімге келу мүмкін болды.

«ҚҚС 16% болады. ҚҚС бойынша шекті мөлшер – 40 млн теңге көлемінде белгіленеді. 40 млн теңге – бұл біз қол жеткізген ымыра нәтижесі. Бірақ осы шекте біз 160 мың жаңа салық төлеушіден айырыламыз және шамамен 400 млрд теңге көлеміндегі қосымша түсімдерден қағыламыз. Мұны не үшін айтып отырмын – кәсіпкерлер Үкімет пен Парламенттің осындай ымыраға баруға дайын екенін түсінсе деймін», – деді вице-премьер.

Ол сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті ашу тәртібі де қатаңдатылатынын қосты.

«Бізде тиісті нормалар дайын – бұрын құқық бұзушылық жасағандар үшін, әрекетсіз ЖШС немесе жеке кәсіптері барлар үшін жаңа ИП ашу процесі күрделенеді», – деп атап өтті вице-премьер.

Автор
Нұрсұлтан