KZNews.kz
Қоғам

Жұлдыз футболшы туралы шындық: Шерхан Қалмырзаның әкесі кім?

Torgyn Abushakhman

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойындарынан кейін жұрттың ерекше назары ауған футболшы Шерхан Қалмырза туралы ақпараттар әлі толастамай тұр деп жазады Kznews.kz 

Тарихи футбол додасында қақпаны қорыған Шерхан Қалмырзаның бүгінге дейінгі жетістіктері мен анасының есімі қатар айтылды. 

Шерханды титтейінен футбол секцияларына тасып, баласының футболы үшін Алматыдан Алматыға көшкен анасы Сәуле Рабаеваның ерен еңбегі тоқтаусыз айтылуда. 

Әйтсе де, "Шерханның әкесі кім? Әкесі қайда?" деген сұрақты қоғам айналып өтпеді. Сұрау салынды. Шерханның әкесіне қатысты журналист Оралхан Дәуіт: 

"Елге, жерге бөлінгендік емес. Бірақ әлеуметтік желілерде Шерхан Қалмұрзаның әкесі туралы неге айтылмайды деп жатыр екен.

Кеше бір үлкен кісіден естідім, Шерхан Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тумасы екен. Әкесі Эльдар жастайынан бокспен айналысқан, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған көрінеді.

Оны жуалылықтар жақсы таниды екен. Бүгінде Астанада тұрады. Бірақ енді өмір ғой, Шерханның әке-шешесі екі жаққа кеткен сияқты.

Жуалы жерінде дүниеге келген ұланға Шерхан деген есімнің де бекер қойылмағаны анық ғой. Жуалы -- Шерағаңның туған жері.

Лайым, Алла тағалам жас Шерханға бақ-береке берсін. Бабы да, бағы да келіскен спортшы болсын. Қазақтың туын көкте желбірете берсін"деп жазды.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары