V Азия Пара ойындары аяқталды: ұлттық құрама 50 медаль еншіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Стоматологияда тісін емдеткен қыз үш тәулік ес-түссіз жатыр

Стоматологияда тісін емдеткен қыз үш тәулік ес-түссіз жатыр
Фото: ашық дереккөз

Оқиғаның мән-жайын қыздың туысы баяндаған. Оның айтуынша, бала Лермонтов көшесіндегі стоматологияда тісін емдетіп жатқан кезде кенеттен тыныс алуы қиындап, көзі аударылған.

21 қазанда Ақтөбедегі стоматологиялардың бірінде тісін емдеткен қыздың жағдайы күрт нашарлап, қазір үшінші тәулік бойы ес-түссіз жатыр. Бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Туысы емхана қызметкерлері шұғыл көмек көрсетуге бірден кіріспегенін алға тартады. Оның сөзінше, кабинетте алғашқы көмекке арналған медициналық қобдиша болмаған.

«Сіңлімнің “103 шақырыңыздар” деп айқайлағанына ешкім мән бермеді. Ол жылап сұрағаннан кейін ғана көрші кабинеттегі медбике жедел жәрдем шақырды», – дейді қыздың туысы.

Әйелдің айтуынша, ауруханаға жеткізу кезінде баланың жүрегі тоқтап қалған. Медициналық мекемеде де жүрегі екінші рет тоқтағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта қыздың жағдайы туралы толық ақпарат жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен стоматология қызметкерлерінің әрекетіне қатысты ресми мәлімет әзірге белгісіз.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.