Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жүлдеге мені лайықты деп жазбаңыздар": Иманбек Әли Оқаповқа қолдау білдірді

"Жүлдеге мені лайықты деп жазбаңыздар": Иманбек Әли Оқаповқа қолдау білдірді

Танымал қазақстандық музыкант, "Грэмми" жүлдесінің иегері Иманбек "Құрмет" орденін алғаннан кейін сынға ұшыраған Әли Оқаповты жақтап шықты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Иманбек орын алған келеңсіз жағдайға қатысты өз пікірін Instagram желісінде білдірген.

"Біздің досымыз, әріптесіміз Әли Оқапов "Құрмет" орденін алды. Оны шын жүректен құттықтаймын. Алайда оның тарапына көптеген сыни пікір айтылып жатыр. Мен олармен келіспеймін", - деді музыкант. Оның айтуынша, барша өнер өкілдері, Әлидің өзі де тыңдармандарын қуанту үшін барын салады.

"Сол себепті оған жағымсыз пікірлер жазбауларыңызды сұраймын. Ол жүлдеге мені лайықты деп жазбаңыздар. Керісінше, ол үшін қуанып, қолдауымызды білдірейік. Себебі, біз шығармашылық адамдары өз еліміздің мәдениетін көтеріп жатырмыз", - деп үндеу жасады Иманбек.

Автор
Айбар