Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жүкті әйел құрбысының сәбиін 13-ші қабаттан лақтырып жіберді

Жүкті әйел құрбысының сәбиін 13-ші қабаттан лақтырып жіберді

Орыс астанасында әйел адам құрбысының емізулі баласын 13-ші қабаттан лақтырып жіберген. Сәби тіл тартпай өлген.

"Пәтерде сәбидің анасы мен танысы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің құрбысы баланы терезеден лақтырып жіберген. Нәресте алған жарақатынан көз жұмды", - деді РФ ТК Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова.


Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл фактіге қатысты "Кішкентай баланы өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Құқыққорғау органдары сәбидің 13-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлағанын нақтылады.

"112" Telegram-каналдың ақпаратынша, баланы лақтырған әйелдің есімі – Дарья. Ол өзі де сәби күтіп жүр, құрбысының үйіне жүкті әйелдерге арналған бандажды алып кетуге келген.


Автор
Әлихан