KZNEWS.KZ
Қоғам

Жүк пойызының машинисі далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы құтқарып қалды

Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Машинист теміржол бойында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызды тоқтатқан. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында қозғалыстағы жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған даладағы төрт жасар баланы байқап қалған.

— Шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізіп алды. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлады, — делінген хабарламада.

Баланы ата-анасымен байланысқан Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында жылқысын пойыз қаққан тұрғын 531 мың теңге өтемақы төлейді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →