«Әділет» партиясы ауыл мен қаладағы білім сапасын теңестіруді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада ойнап жүрген 5 жасар баланы тоқ соқты

Астанада ойнап жүрген 5 жасар баланы тоқ соқты
Фото: видеодан скриншот

Астанада бес жасар бала ойын алаңында тоқ соғуынан зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Оқиға А105 көшесіндегі №11 үйдің ауласында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғындардың айтуынша, аула маңынан жоғары кернеулі электр кабелі өткен. Қауіпті учаске бұған дейін де тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып, оны қауіпсіздендіру туралы бірнеше рет өтініш жасалған. Алайда кабельдің үсті құрылыс компаниясы тарапынан топырақпен жабылғанымен, мәселе толық шешілмеген.

Оқиғаға дейін кабельдің ұшқындағаны да айтылып отыр. Артынша аулада ойнап жүрген бала электр тогына түсіп, зардап шеккен.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланған. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір мамандар кабельдің не себепті қауіпті жағдайда болғанын, оның балалар ойнайтын аумақта орналасуына кім жауапты екенін және қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағанын анықтап жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін де қауіпті кабельге қатысты шағымдар болған. Аудан әкімдігі құрылыс компаниясына кабельді тиісті талаптарға сай орналастыру және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөнінде бірнеше рет ескерту жасалғанын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта қауіпті кабель электр желісінен ажыратылып, қауіпсіз түрде жер астына көмілген. Тергеу нәтижесінде оқиғаға кінәлі тұлғалар мен олардың жауапкершілігі анықталмақ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.