Балалар сабаққа келмесе де, ақша төлене ме? Астанада Face ID жүйесі төңірегінде дау туды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда 8-қабаттан құлаған баланы дәрігерлер аман алып қалды

Алматыда 8-қабаттан құлаған баланы дәрігерлер аман алып қалды
Фото: pixabay.com

Оқиға кезінде бала шамамен 24 метр биіктіктен асфальтқа құлаған. Ауыр халде №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген оның бас-миы, кеуде және құрсақ қуысы зақымданып, қол-аяғының бірнеше сүйегі сынған. Жасөспірім ауыр шок жағдайында болған.

Алматыда сегізінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алған 13 жастағы жасөспірім аман қалды. Төрт рет ота жасалған бозбала ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлер шұғыл ем жүргізген. Алғашқы екі тәулікте мамандар баланың өмірлік маңызды ағзаларының қызметін тұрақтандыруға күш салған. Кейін жағдайы жақсарған соң оған ота жасалды.

Аурухананың реанимация бөлімінің меңгерушісі Медетали Мақұлбековтің айтуынша, операциядан кейін айтарлықтай асқыну болмаған. Үшінші күні жасөспірім жансақтау бөлімінен травматологияға ауыстырылған.

Дәрігерлерден құралған топ науқасқа барлығы төрт рет ота жасап, өмірін сақтап қалды. Операцияларға хирургтер Бақытқали Қожаханов пен Әділжан Нұров, анестезиолог Медетали Мақұлбеков және ассистенттер Абзал Әбдіқасым мен Болат Ермекұлы қатысты.

Аурухана директорының орынбасары Құрметбек Тоқтардың сөзінше, сегізінші қабаттан құлаған баланың аман қалуы – дәрігерлер үшін де ерекше жағдай. Қазір оның жағдайы жақсы. Алда жасөспірімді толық қалпына келтіру және оңалту кезеңі күтіп тұр.

Қазіргі уақытта бозбала ауруханадан шығарылып, емін тұрғылықты жеріндегі емханада жалғастырады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.