Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жөтелсем, қабырғам сынып кететіндей": Ақын Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

"Жөтелсем, қабырғам сынып кететіндей": Ақын Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді


Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


“Бүгін таңым жедел жәрдем шақыртудан басталды. Есесіне ауруханаға тегін жетіп алдым десем. Бірақ шындығында күлуге шамам жоқ. Сүйектерім қақсам, буындарым біртүрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты. Ауырып жатсам да сіздерге жазып үлгеріп жатырмын. Демек әзір өлмеймін”, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Бір қызығы ақынның анасы да ауырып, ауруханадан бір-ақ шыққан.

“Бүгінгі тағы бір проблемам ешкім тамырымды таба алмады. Төрт медбике келіп жеті жерден тесіп тастады. “Тамырыңыз қашып, ұстатпайды” деді. Бесіншісі келіп әрең салды. Қызық иә?! Бүгін анам да жедел жәрдеммен кетіпті. Және оның да тамырын таба алмай, қатты қиналған екен. Ана мен бала бір адам”, – дейді ақын ойларымен бөлісіп.



Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары