KZNews.kz
Қоғам

Жол үстіндегі дау: жүргізуші көлікті тепкені үшін жазаланды

Айжан Сыланова

Сот мәліметінше, К. жолда апатты жағдай туғызған Е. есімді жүргізушінің көлігін қуып жетіп, есігін ашып, бірнеше рет теуіп жіберген. Ол кінәсін мойындап, эмоцияға берілгенін айтты.

Жәбірленуші Е. оқиғаны растағанымен, дене жарақаты алмағанын және шағымы жоғын жеткізді.

Сот К.-ның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, оған 15 тәулік әкімшілік қамау жазасын кесті.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →