Балалар арбасымен автобусқа мінуге болмай ма? Министр ережені қайта қарамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда балаларға арналған ойындар мен қосымшаларға жаңа талап қойылады

Қазақстанда балаларға арналған ойындар мен қосымшаларға жаңа талап қойылады
ашық дереккөз

Қазақстанда балаларды цифрлық ортадағы қауіп-қатерден қорғауға бағытталған заң жобасы әзірленді. Құжат қоғамда «әлеуметтік желілерге тыйым салу» бастамасы ретінде белгілі. Оны әзірлеу кезінде жасанды интеллект енгізілген AI-Quryltai платформасы алғаш рет қолданылған. Жүйе заңнаманы талдап, құқықтық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстанда балаларды цифрлық ортадағы қауіп-қатерден қорғауға бағытталған заң жобасы әзірленді. Құжат қоғамда «әлеуметтік желілерге тыйым салу» бастамасы ретінде белгілі. Оны әзірлеу кезінде жасанды интеллект енгізілген AI-Quryltai платформасы алғаш рет қолданылған. Жүйе заңнаманы талдап, құқықтық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді

Жасанды интеллект заңды әзірлеуге қалай көмектесті?

Бір палаталы парламент тарихындағы алғашқы үкімет сағатын ашқан Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналған заң жобаларының бірі туралы айтып берді.

Оның сөзінше, AI-Quryltai платформасы балалардың цифрлық ақпараттық ортада кездесетін қауіптеріне терең талдау жасауға мүмкіндік берген. Сонымен қатар құрамына 800 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акт енгізілген, арнайы оқытылған заңгерлік модель алғаш рет заң жобасының мәтінін тікелей әзірлеу кезінде пайдаланылған.

«Нәтижесінде бұл жүйе жаңа қауіптер мен технологиялардың дамуын ескере отырып, балалардың цифрлық ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды шаралар кешенін ұсынды», – деді Құрылтай төрағасының орынбасары.

Атап айтқанда, заң жобасында цифрлық платформаларға, онлайн ойындар мен қосымшаларға жаңа талаптар енгізу көзделген. Олардың иелеріне цифрлық өнімдерді таңбалау және мазмұнын егжей-тегжейлі сипаттау міндеттелмек. Мысалы, ойында пайдаланушылардың бір-бірімен хат алмасу мүмкіндігі немесе ойын ішіндегі ақылы сатып алулар бар-жоғы көрсетілуі керек.

«Уәкілетті мемлекеттік органның міндетті тексеруінен өткізу тетігі, заңбұзушылықтарды анықтау мониторингі, өнімнен қауіп немесе қатер анықталған жағдайда ақпараттық не цифрлық өнімді жою немесе бұғаттау талабы қарастырылған. Сонымен қатар заңнама талаптарын бұзғаны үшін платформалар иелерінің жауапкершілігі белгіленген», – деп түсіндірді Динара Зәкиева.

Осындай шаралар маркетплейстерге де енгізілмек.

Ата-ана бақылауы және балаларға арналған IT-карталар

Тағы бір бастама – барлық цифрлық платформада ата-ана бақылауы функциясын міндетті түрде енгізу.

Заң жобасын әзірлеушілердің жоспары бойынша, балаларға арналған контентті сүзгілеу жүйесі жұмыс істейді. Таңбаланбаған және тексеруден өтпеген цифрлық өнімдерді, қосымшалар мен ойындарды бала көре де, жүктей де алмайды.

Сонымен қатар заң жобасына халықаралық тәжірибеде қолданылатын фотосуреті бар балаларға арналған IT-карталарды енгізу ұсынысы енгізілген. Мұндай карталар әр баланың жеке басын нақты анықтауға мүмкіндік беруі тиіс.

Динара Зәкиеваның айтуынша, бұл жүйе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, олардың барлық құқықтарын цифрлық форматта іске асыруға қолдау көрсету үшін де қажет.

Заң жобасына 120-дан астам түзету енгізілген

Жалпы, заң жобасына 120-дан астам түзету енгізілген. Депутаттың айтуынша, жасанды интеллект ұсынған бастамалардың ешқайсысы автоматты түрде қабылданбаған.

«Құрылтай» ақпараттық жүйесі аясында әзірленген барлық ұсынысты депутаттардың өздері, заңгерлер және арнайы шақырылған сарапшылар тексеріп, қосымша пысықтаудан өткізді», – деп сендірді Динара Зәкиева.

Енді құжат Үкіметтің қорытындысын алу үшін жолданады. Одан кейін заң жобасын әзірлеу жұмысы Құрылтайдағы жұмыс топтары аясында жалғасады.

Қазақстанда әлеуметтік желілерді, онлайн-платформалар мен ойындарды пайдалануға шектеу қою мәселесі біраз уақыттан бері талқыланып келеді.

Депутаттардың айтуынша, Қазақстандағы балалардың шамамен 88 пайызы смартфонды белсенді пайдаланады.

Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжанов әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдаланудың салдарына да тоқталған.

«Әлеуметтік желілерге шамадан тыс әуестену кітап оқуға, спортпен шұғылдануға және отбасымен араласуға бөлінетін уақытты қысқартады. Соның салдарынан зейін қою, ақпаратты терең қабылдау және сыни ойлау қабілеті айтарлықтай төмендейді», – деген еді депутат.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі