Антикор Жергілікті ЖШС шенеунігі мен басшыларын ұстады.
"Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы қамауға алынды. Ол пара алды деп күдіктелуде. Сондай-ақ, "Марлен-А" ЖШС құрылтайшысы және Компанияның атқарушы директоры қамауға алынды. Олар Ақсу ауданы Матай және Жансүгіров ауылдарында автомобиль жолдарын жөндеумен айналысты", - делінген хабарламада.Тергеу деректері бойынша пара жол объектілері бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін берілген. Фото: gov.kz