ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жігер Ауыпбаев Tik-tok-ты жарған әнші баланы шәкірт етіп алмақ (видео)

Жігер Ауыпбаев Tik-tok-ты жарған әнші баланы шәкірт етіп алмақ (видео)

Жігер Ауыпбаев ертең қой бағатын әнші бала - Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында тұратын 9-сынып оқушысы Кәден Айдоспен кездеспек, деп хабарлайды ЭК.


Өзінің айтуынша, Кәден Айдос бірінші сыныптан бастап ән айта бастаған.




Өзіме ұнайтын әндерді айтамын. Tik-tok-тағы видеолар бір апта бұрын түсірілді. Көршімнің үйіне барып, ән айттым. Содан тарап кетті. Мектеп бітірген соң Жүргенов атындағы өнер академиясына түссем деген ойым бар. Болашақта әнші болғым келеді,


— дейді жас өнерпаз.





Баланың әкесі қойшы екен. Сабақтан бос уақытта Кәден оған көмектеседі. Қой қайырып жүріп, кең далада зор даусымен ән айтады.


Жақында Кәден Айдосқа Жігер Ауыпбаев хабарласыпты.




Екі-үш күннен бері телефонмен хабарласып жүрміз. Ертең кездесеміз. Шәкірт етіп аламын деп уәде берді. Басқа әншілер де хабарласып жатыр. Олардың ішінде Қажымұрат Шешенқұл, Ұшқын Жамалбек бар,


— дейді Кәден.




Сондай ол әнші ағасы келіп: "Қойыңды таста, Алматыға кетеміз" десе, жолға шығуға тас-түйін дайын екенін де айтты.

Автор
Айбар