"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жезқазғанда бесінші қабаттың терезесінде отырған бала тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)

Жезқазғанда бесінші қабаттың терезесінде отырған бала тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)

Қауіпті сәтті тұрғындар видеоға түсіріп, ТЖД-ға хабар бермеген

Жезқазғанда бесінші қабаттың терезесінде отырған баланың видеосы жұртты алаңдатты. Куәгерлердің айтуынша, жауапты органдарға хабар берілмеген, ал балақай қауіпті жерге тағы да шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Etozhez парақшасының хабарлауынша, оқиға 16 маусым күні Ғарышкерлер көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

«Өтіп бара жатсам, бала карнизе шығып отыр екен. Видеоға түсіріп алдым. Бірақ одан кейін де, екі күннен соң сол жерге қайта шыққанын көрдім», – дейді жергілікті тұрғын.

Төтенше жағдайлар қызметі не дейді?

Тұрғындар бұл оқиғаны әлеуметтік желіде талқылағанымен, Төтенше жағдайлар департаментіне (ТЖД) ешкім ресми түрде хабарламаған.

«Аталған күні көрсетілген мекенжай бойынша бізге ешқандай қоңырау түспеген. Бірақ мұндай жағдайларда бірден 112 нөміріне хабарласу керек», – деді ТЖД мамандары.

Ата-аналарға ескерту

Мұндай жағдайлар қайғылы оқиғаларға апаруы мүмкін екенін ескерткен құтқарушылар балалардың терезе мен балкон маңына шығуына жол бермеуді ескертеді:

  • Терезелерге қорғаныс тор орнатыңыз
  • Балаларды жалғыз қалдырмаңыз
  • Қауіпсіздік ережесін үнемі түсіндіріп отырыңыз
  • Қауіпті сәтті көрсеңіз, дереу 112-ге хабарласыңыз.

Осындай оқиғалар қайталанып жатыр

Қазақстанда биыл жаз мезгілі басталғалы бері терезеден құлап кеткен балалар туралы бірнеше оқиға тіркелді. Мамандардың айтуынша, көп жағдайда ата-аналардың салғырттығымен қауіпсіздік шараларының сақталмауы қайғылы оқиғаларға себеп болады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.