Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза тапты

Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза тапты

Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды. Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде 18 жастағы қатардағы жауынгер оқ жарақатынан қаза болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ведомство қайғылы оқиғаның 14 қаңтар күні Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің даладағы оқу-жаттығу кезінде болғанын растап отыр.

Баспасөз хабарламасында жауынгер қарумен жұмыс істеу кезінде ереже бұзғаны айтылған. 18 жастағы Дастанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Онда құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен бірге арнайы комиссия құрылған. Командирлері марқұмның қызметін тиянақты атқарғанын, қаруластарының ортасында абыройлы болғанын айтып отыр.

"Ата-анасы мен туған-туысқандардың қайғысын, әрине, жақсы түсінеміз, қайғысына ортақпыз. Әр командирге жауынгердің қазасы -  қайғы. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Оларға барлық қажет көмек көрсетіледі", - деп хабарлады ҚР Құрлық әскерлері баспасөз қызметі.

ақпарат, фото: massaget.kz
Автор
Данияр