KZNews.kz
Қоғам

Жетісу облысында екі полицей қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты

Торғын Абушахман

Жетісу облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полицей қаза тапты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жетісу облысы полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбеков жол апатынан қаза болған. Ішкі Істер министрі Ержан Сәденов олардың жақындарына көңіл айтты.

“Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан полицейлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады”, – деп мәлімдеді министр.

Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді.

Еске салсақ, Қостанай облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқанеді.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →