Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жетісу облысында әйел екі баласын екі миллион теңгеге сатқан

Жетісу облысында әйел екі баласын екі миллион теңгеге сатқан

Жетісу облысында 23-тегі әйел екі баласын сатқан. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Мұны ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифингте мәлімдеді. Жетісу облысының полицейлері екі баласын екі млн теңгеге сатқан әйелді ұстаған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті кезекті кең ауқымды "STOP трафик" операциясын жүргізген. Оның аясында республика бойынша адам саудасына байланысты 30 қылмыс анықталды.

"Жетісу облысы ПД УБОП қызметкерлері балалар саудасы бойынша 23 жастағы тұрғынды ұстады. Әйел делдалдар арқылы 2022 және 2023 жылғы екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2022 жылғы қазанда, екінші факт 2023 жылғы тамызда орын алған, әрқайсысын бір миллион теңгеден беріп жіберген. Фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы “Кәмелетке толмағандар саудасы” бойынша тіркелді-", – деп мәлімдеді Тұрлыбек.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары