KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жетісу облысында әйел екі баласын 2 млн теңгеге сатып жіберген

KZNEWS

Жетісу облысы Полиция департаменті бала саудасы үшін 23 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

«Күдікті делдалдар арқылы өзінің 2022 және 2023 жылдары туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2022 жылдың қазанында, ал екінші факт 2023 жылдың тамызында болған, екі жағдайда да мәміле сомасы 1 млн теңге болған. Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша (кәмелетке толмағандар саудасы) тіркелді», - деп атап өтті ведомство өкілі.

фото: 1news.zp.ua
KZNEWS
Автордың басқа материалдары