«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жетім баланың монологын оқыған кішкентай қыз жұрттың көңілін босатты - Қазақстан жаңалықтары

Жетім баланың монологын оқыған кішкентай қыз жұрттың көңілін босатты - Қазақстан жаңалықтары

Шымкенттегі кішкентай қыздың "жетімдер үйіндегі баланың монологын" оқыған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Өлеңді жүрекке жеткізіп орындаған оқушы елдің ерекше ықыласына ие болды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап. 

Видеоны көргендердің кейбірі өнерлі қызды іздестіре бастаса, пікір жазғандардың арасында қыз баланы жетім екен деп ойлап, асырап алуға ниет білдіргендер де бар.

Алайда бұл бейне 2017 жылы түсірілген. Ол кезде Ләйлә 1 сынып оқушысы болған. Ал қазір ол 4 сыныпта оқиды. Сабағы үздік, белсенді, оны ұстаздары да байқаған.

"Сыныптағы оқушыларды баурап алу мен қуантады", - дейді сынып жетекшісі Клара Бектаева.

Ең бастысы, Ләйләнің ата-анасы бар. Тек актерлік образға кіріп, жүрегімен жетімдердің басындағы жағдайды монологпен жеткізген. 

"Ләйлә үйдегі балалардың үлкені, әрі ерекшесі. Кішкентай кезінен бастап екеуміз сырласып, дос сияқты, жалпы үлкен адамдар секілді сөйлейтін", - дейді талантты қыздың анасы Гүлжан Мамилаева.

Белгілі болғандай, Ләйлә 1-ші сынып оқып жүргенде 2 айлық актерлік курстан дәріс алған. Монологты да сол жерде сынақ тапсырған кезде оқыған. 

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=HKfiGB1Movg[/embed]


stan.kz
Автор
Данияр