KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жерлеу рәсімі кезінде сұмдық жағдай болды - видео

KZNEWS

Бірнеше адам жерлеу рәсіміне жиналғандарға оқ жаудырды. Қалада соңғы күндері мұндай жағдай жиілеп кеткені айтылып отыр


НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. АҚШ-тың Чикаго қаласында белгісіз біреулер жерлеу рәсіміне жиналғандарға оқ жаудырды, деп хабарлайды жергілікті NBC Chicago порталы.




Оқиға кешкі сағат жеті кезінде болған. Қара көлікпен келген бірнеше адам жерлеу үйінен шыққандарды ата бастады. Полиция 14 адам жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнында 60 гильза табылды.

Бір күдікті ұсталды. Өзге ақпарат айтылмай отыр.

Өткен демалыс күндері Чикаго көшелерінде зорлық-зомбылық жиілеп кеткен. Ұқсас оқиғалар салдарынан 70 адам зардап шегіп, 11 адам көз жұмды.







KZNEWS
Автордың басқа материалдары