Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Жергілікті Хатико»: Ит коронавирустан көз жұмған иесін үш айдан бері аурухананың алдында күтіп жүр

«Жергілікті Хатико»: Ит коронавирустан көз жұмған иесін үш айдан бері аурухананың алдында күтіп жүр

Ресейдің Кемерово қаласындағы аурухананың алдын үш айдан бері торуылдаған ит жұрттың көңілін елжіретті. Жергілікті тұрғындар иттің коронавирустан көз жұмған иесін күтіп жүргенін айтады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ит коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың алдында үш айдан бері жүр. Жергілікті тұрғындар оның ауруханаға түскен иесін күтіп жүргенін айтады. Алайда иттің иесі осында үш ай бұрын аурудан көз жұмған.

Тұрғындар итті «Хатико» деп атап кеткен.

«Төбет адамдарға агрессия танытпайды, аурухананың алдынан кетпей жүр. Итті өзіммен алып кеткім келді, бірақ ол маған келмей қойды. Кері қарай қашады, болды. Иесінің итке жақсы баққаны көрініп», - деді Кемерово тұрғындарының бірі.
Автор
Нұрсұлтан