«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады

жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады, деп сендірді жемқорлыққа қарсы агенттік

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Көкшетауда төтенше жағдайға қарамастан моншаға барған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы агенттіктен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл факті бойынша департамент қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн брифингте.

Бұған дейін желіде моншаға барған лауазымды тұлғалардың видеосы тараған болатын.

Видео 18 cәуір күні Көкшетаудағы "Избушка" монша кешенінде түсірілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері төтенше жағдайға қарамастан, моншаға барған.

Видеода департамент қызметкерлерінің бірі "біраз демалуымыз керек" деп ақталады.

Лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


sputniknews.kz
Автор
Айбар