KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Желіде қамауда жатқан Күдебаевтың камера ішінде мерекелік дастархан жайған фотосы тарады (фото)

• Айбар

Желіде Алматы облыстық полицияның бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қамауда отырып, мерекелік дастархан жайған фотосы таралды. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті камерада мереке өткізген фотосуретіне түсініктеме берді. Мәлімдеуінше, Күдебаев үйден әкелінген тамақ ішуге құқылы.

"ІІМ-нің бұйрығымен бекітілген Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандар сәлемдеме ретінде жіберілген немесе жақындары әкелген тамақты алуға құқылы. Олар бос уақытында отрядтардың арнайы бөлінген мекемесінде тамақ ішуге құқылы", – деді ҚАЖ баспасөз қызметі.

Комитеттің айтуынша, оған фотодағы тамақтарды туыстары әкелген.

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде сотталғандар туыстарынан алғаны анықталды. Тексеріс барысында тыйым салынған өнімдер, яғни алкогольдік ішімдіктер анықталған жоқ", – деп пайымдады ведомоствосында.

[caption id="attachment_236782" align="alignnone" width="854"] Stan.kz[/caption]

Алайда сотталушы телефонды пайдаланғаны үшін тергеу басталған.

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →