Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде мектеп директорының оқушыларды ұрып жатқан видеосы тарады

Желіде мектеп директорының оқушыларды ұрып жатқан видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Өзбекстандағы Әндіжан облысы Алтынкөл ауданындағы №38 орта мектеп директорының балаларды ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видео пайда болды. Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырып, Балалар омбудсменінің назарына ілікті, - деп хабарлайды Kznews.kz Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша жағдай 8-сынып оқушысының сабақта пиротехникалық заттарды пайдаланғаннан кейін болған. Куәгерлердің айтуынша, директор "білім беру мақсатында" тағы бірнеше оқушыға физикалық күш көрсеткен.

Білім бөлімі мен аудандық ішкі істер бөлімінен құрылған жұмыс тобы мән-жайды анықтап жатыр. Ресми бөлімдер зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтінін және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста этика нормаларының сақталуы керегін айтты.

Автор
Айбар