Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде балалардың Қордайда жүрген полицей әкесіне жазған хаты жарияланды

Желіде балалардың Қордайда жүрген полицей әкесіне жазған хаты жарияланды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Жарасхан Ақбердиев Жамбыл облысының полиция департаментінде істейді, Қордай ауданында жүргеніне екі аптадан асқан

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қордай ауданында жүрген полицей Жарасхан Ақбердиевтің балаларының әкесіне жазған хаты жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүлдіршіндердің хатын Жамбыл облысы полициясының баспасөз қызметі жарияланған.

Суреттер полиция департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Жарасхан Ақбердиевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған.

"Қымбатты әке, біз сені қатты сағындық. Сен қамқор және мейірімді әкесің. Бәріміз сені күтіп жүрміз", - деп жазған ұлы.

Полицейдің қызы да әкесін сағынып жүргенін жазған.

Жарасхан Ақбердиев басқа полицейлермен бірге 7 ақпаннан бері Қордай ауданында жүр.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік белең алып, салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам түрлі дене жарақатын алды. Масанчи ауылында 11 ақпанда үйінді астынан күйіп кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=oipsAHUmurU[/embed]

Сондай-ақ, 39 тұрғын үй мен 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік отқа оранып, күлге айналды.

Соңғы ақпарат бойынша полиция 90 қылмыстық іс қозғаған.


sputniknews.kz
Автор
Данияр