Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жеке үй салуға 40 мың жер учаскесі берілмек

Жеке үй салуға 40 мың жер учаскесі берілмек

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Биыл жеке құрылысқа арналған жер учаскелеріне инженерлік желілер мен коммуникациялар тартуға 81,7 миллиард теңге қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жеке құрылысқа арналған жер учаскелері қалай берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде жеке құрылыс алаңдарына мемлекеттің есебінен алдымен инженерлік желілер тартылып отырады. Жыл сайын 40 мың жер учаскесінің инженерлік инфрақұрылымы жасалады. Мәселен, 2017-2018 жылдары ішінде республика бойынша 110 мың жер учаскесіне қажетті желілер тартылған болатын", - деді Атамқұлов мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Тағы оқыңыз: Қазақстан баспана салу жағынан ТМД елдері арасында көш бастады

Министрдің айтуынша, биыл республикалық бюджетте жеке құрылысқа арналған жер учаскелеріне инженерлік желілер мен коммуникациялар тартуға 81,7 миллиард теңге қарастырылған. Осының арқасында тағы 40 мың жер учаскесі таратуға дайын болады деген жоспар бар.

"Әкімдіктерге 36,8 миллиард теңге аударылды. Осы уақытқа дейін 35,8 миллиард теңге игерілді", - деп атап көрсетті Атамқұлов.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан

Журналист