"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жеке мәселе". Әлназарова Valentino туфлиі туралы сұраққа жауап бермеді

"Жеке мәселе". Әлназарова Valentino туфлиі туралы сұраққа жауап бермеді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова танымал брендтердің аяқ киім жинағына қатысты қойылған сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Kznews.kz

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары министрдің қымбат сән үлгілеріне сын айтып, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері ескі форма киіп жүргенде, ведомство басшысының қымбат киім үлгілерін көрсетуі орынсыз екенін атап өткен еді.

Қазнет қолданушылары министрдің кем дегенде бір жұп Valentino маркалы туфли кигенін анықтаған.

“ЖЕКЕ МӘСЕЛЕ”

Ulysmedia тілшісі бұл сұрақты үкімет брифингі кезінде қойған. Алайда Ақмарал Әлназарова жауап беруден бас тартты, ал модератор сұрақты «жеке мәселе» деп алып тастады.

Айта кетейік, бүгін министр жиынға қою жасыл түсті, өкшелі сәнді туфли киіп келген. Бірақ олардың маркасын бұрынғы Valentino сияқты оңай тану мүмкін болмады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.