Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жатақханадан өрт шығып, екі адам қаза болды

Жатақханадан өрт шығып, екі адам қаза болды

Дүйсенбі күні Маңғыстау облысы Боранкөл кенішіндегі жатақханадан өрт шығып, кемінде екі адам қаза болды, үш адам жарақат алды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Азаттық  хабарлады.

"Маңғыстау облысы Боранкөл кенішінде "ҚазМұнайТеңіз" теңіз мұнай компаниясы ЖШС-інің екіқабатты жатақханасынан өрт шықты. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, өрттің салдарынан екі адам қаза болды, үш адам зардап шекті" делінген компания хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, өрт сөндірілген. Өртті сөндіруге "ҚазМұнайТеңіздің" өртпен күрес қызметінің өкілдері қатысқан.

"Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" бөлімшесінің басшылығы жетті" делінген хабарламада.

Мұнай-газ және газ конденсаты өндірілетін Боранкөл кеніші Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында, Құлсары темір жолы станциясының оңтүстігіне қарай 90 шақырым жерде орналасқан.

Автор
Данияр