Астанада жұрт тегін асқа таласты: халық «жабайы» ма, әлде ұйымдастыру нашар ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жапонияға жол ашылады: Алматы–Токио рейсінің бағасы қанша?

Жапонияға жол ашылады: Алматы–Токио рейсінің бағасы қанша?
Фото: airastana.com

Air Astana Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасын іске қосады. Алматыдан алғашқы рейс 2026 жылғы 30 қарашада, ал Токиодан кері бағыттағы алғашқы рейс 1 желтоқсанда орындалады.

Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақтар Токионың Нарита халықаралық әуежайына аптасына екі рет қатынайды. Жолаушыларды бизнес және эконом-класс салондары бар Airbus A321LR ұшақтары тасымалдайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыелдің айтуынша, Жапониямен тікелей әуе қатынасын ашу — компанияның негізгі басымдықтарының бірі. Жаңа бағыт Қазақстанның Орталық Азия мен Кавказдағы көлік хабы ретіндегі орнын нығайтып, екі ел арасындағы сауда, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға ықпал етеді. Токио компанияның 2026 жылы ашқан 22-ші жаңа бағыты болмақ.

Рейстер мына кесте бойынша орындалады. Барлық уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген:

Алматы–Токио (KC171): дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматыдан сағат 21:55-те ұшып, Токиоға келесі күні сағат 09:25-те қонады.

Токио–Алматы (KC172): сейсенбі және жұма күндері Токиодан сағат 10:55-те ұшып, Алматыға сағат 16:20-да жетеді.

Алматыдан Токиоға ұшу ұзақтығы 7 сағат 30 минут, кері бағытта 9 сағат 25 минут болады. Air Astana мен Japan Airlines арасындағы серіктестік аясында рейстер код-шеринг форматында, яғни екі әуе компаниясының ортақ рейсі ретінде орындалады.

Барлық алымдарды қоса есептегенде, екі бағытқа билет бағасы эконом-класта 350 552 теңгеден, бизнес-класта 1 398 918 теңгеден басталады. Билеттерді Air Astana сайтынан, мобильді қосымшасынан және аккредиттелген туристік агенттіктерден брондауға болады.

Қазақстан азаматтарына Жапонияға бару үшін виза қажет. Ал Жапония азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз кіре алады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.