Жапонияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркеліп, кемінде 20 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің басым бөлігі эвакуация кезінде құлаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Сейсмикалық толқындар көршілес Айти префектурасының Тита қаласында да қатты сезілген. Мұнда дүмпудің қарқындылығы елдегі жеті балдық шкала бойынша 5+ деңгейіне жеткен.
Жергілікті билік пен өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер эвакуация кезінде құлап, түрлі жарақат алған. Алдын ала ақпарат бойынша, ауыр әрі өмірге қауіп төндіретін жағдайлар тіркелмеген.
Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланған жоқ.