Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоғыз адам мінген бизнес-ұшақ апатқа ұшырап, барлығы қаза тапты

Тоғыз адам мінген бизнес-ұшақ апатқа ұшырап, барлығы қаза тапты
Фото: видеодан алынды

АҚШ-тың Флорида штатында Learjet 60 бизнес-ұшағы апатқа ұшырап, борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты. Қайғылы оқиға 1 қарашада Палм-Бич округіндегі Гринэкрс қаласының маңында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұшақ Техас штатындағы Остин қаласынан көтеріліп, Багам аралдарындағы Норт-Эльютера әуежайына бағыт алған. Алайда әуе кемесі тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлап, артынша өртеніп кеткен. Апат орнында үлкен шұңқыр пайда болған.

Ұшақтың құлаған сәті маңайдағы жолмен өтіп бара жатқан көліктердің бейнетіркегіштеріне түсіп қалған.

Reuters және Associated Press агенттіктерінің мәліметінше, апатқа дейін ұшқыштар әуе қозғалысын басқару диспетчерлеріне ұшақтың мұз басуы мен қатты турбуленттілікке тап болғанын хабарлаған. Кейін экипаж апаттық жағдайды білдіретін Mayday дабылын беріп, ұшақтың күрт төмендеп бара жатқанын ескерткен.

Қазір апаттың себептерін АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі Федералды авиация басқармасының қатысуымен анықтап жатыр.

Әзірге әуе кемесінің құлауына нақты не себеп болғаны белгісіз. Қаза тапқандардың аты-жөні мен жолаушылардың кім болғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі