Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жапония үкіметі отставкаға кетті

Жапония үкіметі отставкаға кетті

Жапония үкіметі Сигэру Исиба басшылығымен толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлайды Kznews.kz

21 қазанда Жапония парламентінің төменгі палатасында сайлау өтеді. Дауыс беруге бір күн қалғанда Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясы (ЛДП) мен «Жапонияны жаңарту қоғамы» жаңа коалиция құруға келісті. Бұл қадам ЛДП лидері Санаэ Такаитиді сайлау үшін қажет парламенттік көпшілікті қамтамасыз етті.

Бұған дейін Исиба отставкаға кету ниетін жариялап, мұндай күтпеген шешім үшін азаматтардан кешірім сұрады. Ол қызметінен айырылғысы келмегенін, бірақ бұл шешімді қабылдау үшін қолайлы сәтті күткенін айтты. Премьер ел билігінің саяси реформа туралы заң қабылданғанына қарамастан, жапон халқының мемлекеттік саясатқа деген сенімін нығайта алмағанын мойындады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.