V Азия Пара ойындары аяқталды: ұлттық құрама 50 медаль еншіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атақты заңгер Ғабит Өмірбек көз жұмды

Атақты заңгер Ғабит Өмірбек көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Орынбектің айтуынша, олар 11 қазанда бірге умраға баруды жоспарлағанымен, жолға бірге шыға алмаған. Ал досы 16 қазанда оның артынан жететінін айтқан екен.

Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Орынбектің өмірден өткен досына арналған көңіл айту жазбасы жарияланды. Ол марқұмды жақсы дос әрі әріптес ретінде еске алып, соңғы аудиохабарламасын ұмытпайтынын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Ғабеке… Дос… Әріптес… Жақсы адам…Бұл соңғы аудиоң екенін білмедім… 11 қазанға умраға бірге бара алмадық. 16-сы күні артыңнан жетемін деп едің… Елді ойлаған жүрегің осылай жас шағыңда жалындап тұрып өшіп қалатынын кім білген. Жаның жәннатта болсын», – деп жазды ол.

Автор марқұмның ел қамын ойлаған азамат болғанын атап өтіп, досынан айырылудың ауыр екенін аңғартты. Жазбада оның қимастық сезімі мен жақын адамына деген құрметі көрініс тапқан.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.