V Азия Пара ойындары аяқталды: ұлттық құрама 50 медаль еншіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев көтерген мәселе: Астанадан Оманға тікелей рейс ашылды

Тоқаев көтерген мәселе: Астанадан Оманға тікелей рейс ашылды
Фотоиллюстрация: Kznews

Air Astana әуе компаниясы 24 қазанда Астанадан Оманның Салала қаласына алғашқы тұрақты рейсін орындады. Airbus A320 ұшағымен жүзеге асырылған алғашқы сапарда 140 жолаушы болды. Енді бұл бағыттағы ұшулар аптасына бір рет, сенбі күндері орындалады.

Жаңа бағыттың ашылу рәсіміне Қазақстанның Көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Air Astana компаниясының коммерциялық жоспарлау және кірісті басқару жөніндегі аға вице-президенті Ерболат Байсалықов қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесі бұған дейін жоғары деңгейдегі келіссөздерде көтерілген еді. 6 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен кездесуінде қосымша тікелей коммерциялық рейстер ашылса, қазақстандықтардың Оманға сапары көбейетінін атап өткен.

Сол күні қабылданған бірлескен мәлімдемеде екі ел басшылары тікелей әрі тұрақты әуе қатынасын мүмкіндігінше жедел дамыту маңызды екенін мәлімдеді. Оның іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететіні айтылды. Сапар аясында Қазақстан мен Оман үкіметтері арасында әуе қатынасы туралы келісімге де қол қойылды.

Ерболат Байсалықовтың айтуынша, Салалаға рейстердің ашылуы – әуе компаниясының Таяу Шығыстағы бағыттар желісін кеңейтудегі маңызды қадам. Компания жаңа рейстер екі ел арасындағы туризммен қатар іскерлік және мәдени байланысты дамытуға мүмкіндік береді деп күтеді.

Әуе компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, Астанадан Салалаға KC8269 рейсінің ұшу уақыты – 08:47, жету уақыты – 14:14. Кері бағыттағы KC8270 рейсі Салаладан 16:00-де ұшып, Астанаға 23:25-те келеді. Барлық уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген.

Бір күн бұрын, 23 қазанда Алматыдан Салалаға да алғашқы тікелей тұрақты рейс орындалды. Бұл бағыттағы ұшулар жұма сайын жүзеге асырылады. Әуе компаниясының хабарлауынша, Алматыдан аттанған алғашқы ұшақтағы орындар толық болған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.