Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалып, өлім аузында жатыр

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалып, өлім аузында жатыр

Белгісіз біреу Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге шабуыл жасады.

Оқиға 8 шілдеде Нара қаласында жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөй Жапония үкіметінің бұрынғы басшысы жиында сөз сөйлеп жатқан кезде оқ атқан.

Қазір экс-премьер ауруханада ауыр хәлде жатыр. Ол комаға түскен.

Полиция Нара префектурасында шабуыл жасаған қаскөйді ұстады.

Оқиға орнында 30-ға жуық адам болған. Қазір ол жерде полиция жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, Абэ Жапонияның премьер-министрі қызметін екі рет атқарды (2006-2007 және 2012-2020 жылдары). 2020 жылдың 28 тамызында ол отставкаға кететінін жариялаған болатын. Ол денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Автор
Айбар