KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жапонияда су тасқынынан 76 адам өлді

KZNEWS

Жапонияда су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көз жұмғандар саны 76 адамға жетті, деп хабарлайды NHK.

Бір адам ауыр халде табылған, тағы 13 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Елдің оңтүстік-батысында толассыз жауған жаңбыр су тасқыны мен лай көшкініне әкеп соқты. Табиғи апат салдарынан 15 мыңнан астам үй жарамсыз деп танылды.

Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпейді – жауын апта соңына дейін тоқтамайды екен.

24.kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары